Ару Сағидың

Білім беру платформасы

Ару Сағидың

Білім беру платформасы

- Баршаңызға Сәлем! Ару Академиясына қош келдіңіз!

Ару Академиясы? Елең етсеңіз, түсіндірем.

Мектептегі қызыл аттестат, универдегі қызыл диплом, жұмысымдағы бедел. Бұның бәрі де Ана болуға жарамады. Мінсіз әйел бейнесінің күлі көкке ұшты. Өте сұсты ақырған қатын болдым.

Тұңғышым ақымақтығымның зардабын тартты, қайтсем жақсы ана болам деп басым қатты. Кеш болмай қамданып, ана академиясын іздеп сандалдым. Жылдар бойы ізденіс, шетелдік курстар, коуч, психологтардың сабағы.

Нәтижесінде сұсты Арудың орнын адекват, сабырлы, күшті Ару басты. Балаларыммен қарым – қатынасым реттелді, қателіктер түзеліп, зерттелді.

Бүгінде мен Ару Сағи

Халықаралық дәрежедегі
сертификатталған коуч

10 жасқа дейінгі балалар маманы

Инстаграмда блогер

Менің мақсатым

Мектеп пен Универ жақсы жар, ана болуды үйретпейді. Ару Академиясы осы олқылықтың орнын толтыру үшін ашылды.

Бақытты бала тәрбиелеудің дайын формуласы бар. Ол мейірім мен тәртіптің нақты мөлшерін білу.

Ару Академиясы – ата-ана мен бала арасындағы көпір. Байланысты көркем қарым – қатынасқа айналдырып, проблеманы шешетін жер.

Ғылыми ақпарат пен шариғат аясындағы білім, қарапайым әйел тілінде түсіндіріледі.

Курска жазыламын

Атыңыз бен номеріңізді төменге қалдырыңыз

Жіберу